Грузин ұлтшылдары вегетариандық кафеге шабуыл жасады

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 12:25

29 мамыр күні вегетариандық «Киви» кафесіне ұлтшыл топтың 10 мүшесі келіп жанжал шығарды. Олар ғимарат ішіне сосискалар мен кәуаптарды лақтырып тастаған.

24874315349194

Кафе қызметкерлері дауды бейбіт түрде шешкісі келгенімен, ұрыс қыза түскен. Соңы төбелеске ұласып, бір бармен мен даяршы қыз зардап шеккен.

Ұлтшылдар бірнеше жарықтарды жарып, кафе маңында бірнеше рет оқ атқан. Полицейлер келгенше жанжал шығарушылар жасырынып үлгерген.

Кейіннен кафе әкімшілігі желідегі парақшасында грузин, ағылшын, орыс тілдерінде пост жазып, осындай дауға қарамастан барлық қонақтарды қабылдауға дайын екенін хабарлаған.

«Болған жанжалға қарамастан біз келушілерге түріне, ұлтына, жасы мен жынысына, сексуалды көзқарасына, діни және өзге де белгілеріне қарамастан қызмет көрсете береміз. Біз үшін теңдік маңызды», – дейді кафе әкімшілігі.

Кейіннен «Грузиндер күші» бұған қатысы жоқ екенін айтып, дәлелдей алмайтын болса, кафе әкімшілігінен кешірім сұрауын талап етті. Сондай-ақ, ғимаратқа күзет қызметін қою керектігін айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар