Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грозныйда өткен турнирде Илья Илин 2 рет рекорд жаңартты

Грозный қаласында өткен Ауыр атлетика бойынша Владимир Прутин Кубогы үшін бесінші халықаралық турнирде ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақта бақ сынаған Илья Ильин 2 мәрте әлем рекордын жаңартты.

Ильяяяяя
Илья алғашқы жұлқа көтеру сайысында 191 келіні бағындырып, бірінші орынға ие болған еді. Ал екінші жаттығуда ол алғашқы мүмкіншілігінде-ақ қарсыластарынан оқ бойы озық болып, 231 келіні бағындырған болатын. Осыдан кейін алтын медаль Ильяның қанжығасында еді. Осыдан кейін ол тәуекелге бел буып бірден 246 келіге тапсырыс берді және оны абыроймен атқарды.

«Бұл жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын», – деді  спортшы жарыс аяқталғаннан кейін.

Ал дәл осы салмақ санатында жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз, әлем чемпионы Александр Зайчиков жұлқа көтеруде 190, серпе көтеруде 226 келіні бағындырды. Осылайша ол екі жаттығудың қорытындысында күміс медальді иеленді. Үшінші орын екі жаттығуда 411 келі көтерген ресейлік зілтемірші Тимур Наниевке бұйырды.

 

Талқылау