Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грозный қаласында Илья Ильин бейнеленген билборд орнатылды

Грозный қаласына келген қонақтарды Қазақстанның әлемге әйгілі спортшысы, Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің төрт мәрте жеңімпазы Илья Ильиннің зілтемір көтеріп тұрған сәті бейнеленген билборд қарсы алады. Бұл даңқты спортшыға деген айрықша құрмет екені анық.

ильиннннн

Илья Ильин өзінің Инстаграмында осы суретті орнатып, бұл билбордтың Грозный қаласының кіре берісінде тұрғанын атап өткен. Сондай-ақ таяуда өзі Ресей Федерациясы Президентінің Кубогына қатысу үшін Грозныйға баратынын жазған. Соған орай, көптеген отандастары әйгілі спортшыға сәттілік тілеп, елдің атын шығарып, спорт әлемінде жарқырай беруіне ниеттестігін білдіріпті.

Айта кету керек, 11-14 желтоқсан күндері Грозный қаласында Ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнир өтеді. Онда әлемнің 20-дан астам елінің өкілдері күш сынасады. Соның ішінде 105 келіге дейінгі салмақта Илья Ильин қатысатыны жоспарланып отыр.

Талқылау