Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Григорий Лепстің концертінде мұсылманша әуен ойнатылды

Григорий Лепстің Алматыда өткен концертінде мұсылманша әуен ойнатылды. «Что может человек?» әнін орындау кезінде әнші “Біздің әкеміз” атты діни құлшылық жолдарын оқыды. Соңынан қасиетті Құранның аяттары қойылды.

f59f7e0689774789f820abcbd2935f00dfcefa82

Бұл туралы STAN.KZ Еxpress-k.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның “Адам не істей алады? Жалғыз ғана адам? Ол соғыссыз бір ғана адым аттай алады. Барлық әлем солай жасаса ше?” деп келетін әні соңғы кездері әлемде үздіксіз тыңдалып жатыр.

Григорий Лепс өзінің ашық-жарқындығымен, есерсоқтығымен де есте қалған. Мәселен, “Мен сені сүйем” әніндегі “Әлем мені жалықтырғанда, барар жерім бар” деген жолдарды “Әлем мені жалықтырғанда…” деп өзгертілген. Көп нүктенің орнына балағат сөз айтылған. Сондай-ақ, “Бәрі арақ ішуге болмайды дейді, мен болады деймін” деген өзіндік ұранды әні де бар.

Өзінің ең өтімді хит әндерін әнші концерт соңына қалдырыпты. Сондықтан «Рюмка водки на столе» әнін көпшілік тек концерт соңында тыңдады. Бұл ең соңғы ән болып жоспарланған. Алайда, тыңдармандардың тарап жатқанын байқаған әнші «Самый лучший день», «Я стану водопадом» әндерін шырқап кетті.

Әнші афтограф сұраушылардың өтінішін орындамады. Өйткені, ол өзінің жаза алмайтынын айтты.

Талқылау