Грекиядағы тау баурайындағы қисайған қала көріністері (фото)
Грекияның орталығындағы Ропото тұрғындары бұл өлкені 2002 жылы тастай қашқан. 300-ден астам отбасы өз үйлерінен басқа аумақтарға көшіп кеткен.
Бұл туралы tjournal.ru сайты хабарлайды.
Бұлай етуге себеп болған негізгі мәселе – үйлердің біртіндеп шөге бастап, аймақтағы жер қыртысының өзгеріске ұшырауы. Табиғи жағдайдың әсерінен, үйлердің барлығы қисайып, тұруға қолайсыз болып қалған.
Иесіз аумақта қоғамдық құрылыстар – мектептер, қонақүй, шіркеулер қаңырап тұр. Жергілікті тұрғын, биліктің халыққа ешқандай да өтемақы бермегенін айтты. Тіпті, кей тұрғындар әлі күнге дейін сол аумақтағы дүние-мүлкі үшін салық төлеуге мәжбүр.
Талқылау