Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грекия Парламенті гомосексуалистердің бірге тұруына рұқсат етті

Грекия Парламенті заңға өзгеріс енгізіп, гомосексуалды жандарға бірге тұруға рұқсат етті. Бұған дейін тек гетеросексуалистердің бірге тұруларына тыйым салынбаған болатын. Заң қоғамда дау туғызып, шіркеу мен бірқатар саясаткерлердің сынына ілікті.

RlICdy1

 

Заң палатаның пленарлы отырысында көп дауыс жинау арқылы қабылданды. Дауыс беруге 300 депутаттың 249-ы қатысты. Олардың 194-і қолдап, 55-і қарсы шықты.

«Жаңа демократия» жайлы кейбір депутаттар ол жерде некелесуге қатысты, бала асырап алу, азматтық алу сынды жайттар қарастырылмағанын айтады. Әділет министрі Никос қоғам мен депутаттардың қарсылығына байланысты, бірге тұрудың бала асырап алуға еш қатысы жоқ екенін айтты.

Парламент отырысындағы пікір-талас ұзақ уақытқа созылып, соңында бір-біріне тіл тигізуге дейін барды.

«СИРИЗА» партиясының депутаты Спиридонас Лапас заңның адам құқығын құрметтеуі керектігін, бір жынысты жұптардың жалғыз болған күннің өзінде өзгелермен тең дәрежеде болу керектігін айтты.

Грекияның православтық шіркеуі бұл заңға қарсылық танытты.

«Олардың бәрі Құдайдың баласы емес пе? Солай екен дейік. Бірақ олардың жасап жатқандарының бәрі жақсы нәрсе емес қой», – деді архиепископ Афинский.

«Шіркеудің өз ұстанымы бар. Шіркеудегілер мен оған сенушілер бір өмір сүріп жатыр. Ал, оған қарсылар одан тысқары ғұмыр кешуде», –  деді ол.

Сейсенбі күні гомосексуалистер бірігіп «Махаббат – күнә емес» деген плакаттармен акция ұйымдастырған болатын. Олар шіркеу қызметкерлерінің киімін киіп, бір-бірін құшақтап, сүйіскен. Сосын оларды қуып жіберген.

ЛГБТ ұйымы Amnesty International  бірлесе отырып, заңның қабылданғанына орай Парламент үйі алдында «Заң – махаббат» атты кішігірім митинг ұйымдастырды.

Қабылданған заңға қатысты қоғамда үлкен талқылау болды.  Гомосексуализм Ежелгі Грекияда қалыпты құбылыс болған. БАҚ өкілдері б.з.д VІ ғасырдың басында Афинада басылған Солонның заңы жайлы хабарлаған болатын. Ол заң негізінде гомосексуалистерге архонт, шіркеу қызметкері, сот корғаушысы, мемлекеттік қызметкер болуға және шіркеулерге кіруге тыйым салынған. Және заң бұзушыларға қатаң жаза тағайындалған екен.

Парламенттегі пікір-таласқа аймақтағы оқушалар тобы қатысты. Грекияда мектеп оқушыларын осылайша депутаттар мен парламент жұмысымен таныстырып отырады.

Талқылау