Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грекия мен Македониядағы босқындар өз ауыздарын тігіп тастады

Грекия мен Македония шекаралары арасында жолдары бөгелген босқындар өз ауыздарын тігіп тастады.

01

Шекара маңындағы Эйдомени елді мекені жанында тізіліп тұрған полицейлерге қарама-қарсы темір жолға ерні тігілген 6-7 ер адам келіп, отырып алды. Олардың кеудесі мен маңдайында “Әділ еркіндік” деп жазылған. Олар Грекия мен Македония шекаралары арасында  бөгелген босқындар. Бұл олардың Еуропаға сапарын жалғастыра алмағандарына наразылық білдіргені екен.

Наразылыққа қатысушылар – Иран күрдтері де болуы мүмкін.  Олар экономикалық мигрант деп танылып, шекарадан асып өтуіне тыйым салынған.  Бангладеш пен Мароккодан келген ер адамдар да олардың қатарына қосылды. Македония қарулы қақтығыстар жүріп жатқан елдерден келген азаматтардың кіруіне тыйым салғаннан кейін наразылық шарасына жүздеген босқын қатысты.

Талқылау