Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грантқа түсе алмаған талапкерлер бүлік шығарды

Қазақ спорт және туризм академиясында білім күні мерекесінің соңы талапкерлердің наразылық шарасына ұласып кетті – деп хабарлайды КТК арнасы.

кайрат

Есік алдын қаумалаған түлектер грантқа түсе алмағандарына ренжулі. Ал осы академияға құжат тапсырған 250-дей республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері үшін небәрі 20 грант бөлініпті.

Білім күні өзге оқу орындары секілді Қазақ спорт және туризм академиясында да осылай аталып өтіп жатқан. Рио Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлері қонақ боп, кәдімгі мерекеге жалғасқан еді. Алайда салтанатты шараны аяқтатпай, талапкерлердің қалың тобы есік алдын қаумалап алды. Өңкей республикалық, халықаралық додалардың жүлдегерлері грантқа іліге алмай қалған. Жағдайды ушықтырғысы келмеген академия басшылығы алдарынан шығып, сабырға шақырды. Мемлекеттік грант саны жылдағыға қарағанда өте аз бөлінгенін, талапкерлердің наразылықтары өте орынды екенін айтып өтті.

Арнайы спорт мектептері мен колледждерінің түлектерінен академияға 250-ге тарта құжат тапсырылыпты. Бірақ жоғары оқу орнында оларға небәрі 20-ақ грант бөлінген екен.

«Бокспен айналысқаныма 5 жыл болды. Осы бес жылдың ішінде Қазақстаннан екі рет 3-ші алдым, бір рет бірінші орын алдым. Сосын Азия біріншілігінен бірінші орын алдым.Грант аз бөлініп жатыр. Сол себептен түсе алмай қалып отырм осы жерге. 1-2 балл ғана жетіспей», – дейді талапкер Айдос Дуаш.

Талапкерлердің арасында алдағы Қысқы Универсиадаға қатысайын деп отырғандары да бар.

«Шаңғы спортынан Универсиадаға қатысатындардың бірімін. Бірақ грант жеткілікті бөлінбегендіктен енді бүкіләлемдік жарыстан қалып қоюым мүмкін. Өйткені ақылы оқуға шамам жетпейді», – дейді талапкер Игорь Инский.

Академияда колледжден келгендерге былтыр 60 орын бөлініпті. Ол да аса көп емес. Ал биыл соның өзі 3 есеге дейін қысқарып кеткен. Басшылық болса, өздерінше ақталып әлек.

«ҚР-ның Білім және ғылым министрінің атына өзіміз хат жолдаған болатынбыз, осы мәселе бойынша. Қосымша осы қысқартқан оқу түріне дене шынықтыру мамандығы бойынша қосымша орындар бөлінсе деген. Бүгінгі күнде ешқандай нәтижесін беріп отырған жоқ», – деді  Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры Мұхтар Есқалиев.

Айта кетерлігі, Білім министрлігінің өзі 2012 жылы осы дене шынықтыру және спорт мамандықтарының грант санын мыңға дейін жеткізу туралы бастама көтеріпті. Бірақ ол сөз жүзінде қалған. Ал гранттан қағылған мына талапкерлер үшін енді 400 мың теңге төлеп, ақылы оқуға тура келеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық түлек әлемдік деңгейдегі университеттің 100 мың АҚШ долларлық грантын жеңіп алды

ЖОО-лар грантқа ілінбеген «Алтын белгі» иегерлерін өз қаражатымен оқытпақ

Сал болып туған жан 40 жасында грантпен оқуға түсті

45 «Алтын белгі» иегері мемлекеттік грантқа ілінбей қалды

Талқылау