Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грант иеленген талапкерлер дау шығару арқылы университеттен орын табуға мәжбүр

Осы жолы ата-аналар балаларымен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келіп, дау шығаруға мәжбүр болды. Бұл туралы 31 арна хабарлайды

Ата-аналардың айтуы бойынша, оларда министр Ерлан Сағадиевтің қолы қойылған, тегін білім алу туралы мемлекеттік сертфикаттары бар. Бірақ жоғары оқу орны ата-аналарға басқа мекемеге баруға кеңес берген.

Грант бар, бірақ орын жоқ. Қазақстанның әр аймағынан келген ата-аналар өз балаларын бірнеше күн бойы жоғары оқу орнына кіргізе алмай жүр. Тегін білім алуға сертификаты бар талапкерлер биология, физика, география пәнін таңдаған. Олардың қатарында ҰБТ-дан 129 балл алғандар да бар.

“Осында құжат тапсыруға келгенімізге бүгін бесінші күн болды. Бірақ оларды қабылдамай жатыр. Биолог-педагогтың мамандығы бұл оқу орнында жоқ деп айтты. Бізді басқа университетке жіберді. Бірақ Ерлан Сағадиевтың қолы қойылған сертификатта осы университет көрсетілген. Біз неге басқа жаққа бару керекпіз?” — дейді Айдана Бақытжан есімді талапкер

“Сертификат 8 тамызда шықты. Егер факультет жабылып қалса, неге оны министрлікке тым болмағанда 15-не дейін хабарлап, басқа университетті іздеуге кеңес берген жоқ? Неге баланың құқығы бұзылады?” — дейді талапкердің анасы.

Ашуланған  ата-аналармен университеттің өкілдері кездесті. Олар жоғары оқу орынның басшылығы осы сұрақты Астанада шешіп жатқанын айтты. Бірнеше сағаттан соң, олар ата-аналар мен талапкерлерге жаңалықтарды жеткізу үшін мекемеге кіргізді.

Ректоратта факультеттердің жабылып жатқандығы жайлы ақпарат жоққа шығарылды. Университет зерттеу жұмыстарына мән беретін болған соң,  олар жыл сайын магистранттар мен докторанттардың санын көбейтіп отырады, ал педагогикалық мамандықтың  бакалавр студенттерін керісінше қысқартады.

“Біздің техникалық хатшыларымыз осыны білген соң,  құжаттарды өздерінің қабылдау бөлімдерінде қабылдамады. Қазақстанда осындай бөлімдер  көп. Көбісі ҚазҰУ-ға басқа қалаларда отырып, өтініші білдірді. Басқа сөзбен айтқанда бұл жайтқа біздің қатысымыз болмады “, — дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Бүркітбаев Мұхамбетқали.

Осындай түсініспеушіліктер болмас үшін, үниверситет келесі жылдан бастап бакалавр орындарының қысқарғанын алдын-ала ескертуге уәде берді. ҚазҰУ-да оқығысы келетін студенттердің көптігі таңғалатын жайт емес. Себебі, ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 220 университеттердің қатарына кіреді.

 

Талқылау