Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Google-дің қателігі АҚШ тұрғынын үйсіз қалдырды

Google Maps қызметінің бұрыс ақпараты Техас штатының тұрғынын үйсіз қалдырды. Жәбірленуші Линдси Диастың сөзіне қарағанда, құрылысшылар басқа мекенжайда орналасқан үйді бұзудың орнына, Линдси Диастың баспанасының күл-талқанын шығарған.

1cb8cc9ad7b8466e5dc3da38e054c938 (1)

Сурет: realty.rbc.ru 

Өйткені екі ғимарат да бірдей, оның үстіне екеуі де Роулетт қаласында орналасқан, нөмірлерінде де айырмашылық жоқ, тек көшелері бөлек екен. Бірі – Кусто-драйвта, ал екіншісі Калипсо-драйвта орналасқан. «Google-дің қателігі мені үйсіз қалдырды», – деп ашынады Линдси Диастың өзі.

Қазіргі уақытта Google компаниясы америкалықтан кешірім сұрап үлгерген. «Google Maps бұл үйлер туралы шынында да қате ақпарат көрсеткен. Олардың екеуін де Кусто-драйвта орналасқан деп жазыпты. Мұны байқаған бойда, қателікті түзеттік», – дейді компания өкілдері.

Талқылау