Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гонконгтан келген қазақстандық келіншек 100 мың доллармен ұсталды

Алматы әуежайында 100 мың долларды алып өтпек болған қазақстандық әйел ұсталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті.

20160923202554

23 қыркүйек күні Алматының  халықаралық әуежайының VIP залындағы кедендік бақылау «Гонконг-Алматы» бағытындағы №930 әуе рейсімен ұшып келген жолаушылардың қол жүгін тексеру барысында Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі мен «Жетісу» кедендік бекетінің қызметкерлері ҚР азаматшасын ұстады.

Жолаушының қол жүгінде 100 000 АҚШ доллары көлемінде декларацияда көрсетілмеген қаражат шықты. Аталған оқиға ҚР Қаржы министрлігі МК департаментінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Жеке тұлғалардың кедендік одақ шекарасынан қолма-қол қаражатты алып жүру келісіміне сәйкес, шекарадан алып өтетін қолма-қол ақша 10 мың АҚШ долларынан аспауы тиіс.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген норманы бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде 3 мың АЕК көлеміндегі айыппұл немесе үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеп, бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік мүгедек қыз оқу орын басшылығының өзін мазақ етіп оқудан шығарып жібергенін айтады

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып үйіне оралмаған ағайынды 3 жігіт табылмай жатыр

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды

Талқылау