Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гонконгта жағдайы төмен халық табыт-үйлерде қалай тұрады?

Өміріңізде «ас үйіме үш адам сыймайды» деп налыған болсаңыз доғарыңыз. Себебі сіз расында да орын жетіспеушілігінің не екенін білмейсіз.

main15

Гонконгта пәтерақының құны тым жоғары. Дәл осы себепті қалтасы көтермейтін халық табыт-үйлерде, металлды қапастарда және шатырдың астында түнеуге мәжбүр.

Бұл туралы Daily Mail жазды.

Мына суреттерден ас үймен қосылып кеткен дәретхананы, көп сатылы төсектерді көруге болады. Онда тіпті аяқты созып жату мүмкін емес. Бұл – адамды қорлайтындай жағдай. Өкінішке қарай, тұрғындардың оған көнуден басқа амалы жоқ.

1109

Табыт-үйдің резиденттері — Лэм, Уэн мен Китти О.

290

Ли және оның 6 жасар ұлы мен 8 жасар қызы жалпы аумағы 11 шаршы метрді құрайтын аядай ғана бөлмені паналап отыр. Тар кеңістікте екіқабатты төсек, шағын диван, тоңазытқыш, кір жуғыш мәшінесі мен кішкентай үстел бар.

340

Жалпы Гонконг Азиядағы жетекші қаржылық орталықтардың бірі саналады. Алайда жылжымалы мүлік нарығындағы бұл төңкерістің кері әсері халыққа тиіп отыр. Жүз мыңдаған адамдар адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр. Олардың мекендері үйден қарағанда аяқ киімге арналған үлкен қорапшаға ұқсас.

438

Мұнда бір дәретхана мен шұңғылшаны (авт. раковина) 20-дай адам пайдалануға мәжбүр.

534

5 жасар бала кеңірдектенген меттал мен бетоннан құйылған үйдің жанында ойнап отыр. Ол мұнда ата-анасымен бірге тұрады.

631

Гонконгта тұрғын-үйдің қолжетімсіздігі бүгінде маңызды әлеуметтік мәселеге айналған.

732

Мәселен, жалғызбасты ана Ли өзінің екі баласымен бірге аумағы 11 шаршы метрді құрайтын бөлмеде тұрады, ол үшін айына 580 доллар төлейді. Оның пәтерақысын төлеуге жалақысының жартысын беруден басқа лажы жоқ.

831

Зейнетке шыққан даяшы Це Чу өзінің бұрышында ұйықтап жатыр.

931

63 жастағы Вонг Тат-минг ұсақ-түйек заттарға толып кеткен өзінің аядай ғана пәтерінде отыр. Мұнда түнемелі қап, кішкентай түрлі-түсті теледидар мен желдеткіш пәтердің көп бөлігін алып тұр. Табыт-үйдің тағы бір тұрғыны мен Вонг пәтерде тарақандар мен кандалалардың өріп кеткенін айтып шағымдануда.

1026

80 жастағы Ченг Чи-фонг, тіпті төсекте аяғын созып жата алмайды.

1129

Пәтердің тағы бір тұрғыны.

1321

Ресми статистикаға сәйкес, Гонконгта тұратын 7 миллион халықтың 200 мыңы осындай жағдайда тұрады. Оның ішінде 35 мың бала бар.

1420

Бұл статистикаға барақтар мен шатырларда, торларда заңсыз тұратындар кірмейді.

1518

Ал бақуатты гонконгтықтардың үйлері мүлдем басқа әлеммен пара пар.

Жіберіп алмаңыз:

Ер адам GTA ойынындағы әрекеттерді өмірде қайталап адамдарды шошытты (видео)

Оқушы қыз мектеп бітіру кешіне табытқа салынып келді (видео)

Өзінің мектептегі мұғаліміне үйленген 39 жастағы Франция президентінің басынан өткендері (фото)

Индонезиялық қалыңдықтың «таңғажайып» көйлегі жұртты тәнті етті (фото)

Талқылау