Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гонконгта дәретхана көлеміндей пәтер жалға беріледі (фото)

Гонконгта дәретхана көлеміндей «ыңғайлы әрі жайлы» үй жалға береді. Көлемі 4 шаршы метр пәтерді жалдау айына 119 610 теңге тұрады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлаqды bigpicture-ге сілтеме жасап.

Үй иесінің айтуынша, көшеде жүргеннен осындай пәтерде тұрған жақсы.

Пәтер Гонконгтың орталығында орналасқан. Онда орындық, төсек-орын, қол жуғыш (раковина) және дәретхана бар.

Тұрғын үй иесі жергілікті сайтқа пәтерін жарнамалаған. Сонымен қатар, шағын пәтері метроға жақын жерде және қала орталығында орналасқанын айтып мақтанған.

«Жиналмалы төсек-орын сіздің пәтерде қозғалуыңызға мүмкіндік жасайды. Егер төсек пен дәретхананы бөліп тұратын перде іліп қойсаңыз да болады», –  Милки Вонг есімді пәтер иесі.

Суреттерінен пәтерде шкаф пен киім ілгіштер де бар екені көрінеді.

«Аз жалақы алатындар үшін пәтер табу қиынға соғатынын білесіздер. Сондықтан көшеде жүргеннен осындай пәтерде тұрған артық», – дейді ол.

Осы үйде өзге жалға беруші 9,3 шаршы метр пәтерін 165 176 теңге жалға береді. Онда күзет қызметі жұмыс істейді. Бірақ, дәретхана көлеміндей пәтерде өмір сүру күлкілі.

Тағы оқыңыз:

Баласын асырап алушыларға беретін әйелдің бейнежазбасы 3,5 миллион адамды тебірентті (фото)

Әйел қаңғыбас ер адамды құтқарып, оған тұрмысқа шығып, 2 баланы дүниеге әкелген

Ер адам пойыз астына түсіп аман қалды (видео)

Ғалымдар адамша жуынған тышқан туралы видеоның құпиясын тапты

.

 

 

Талқылау