Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гондураспен ойын кезінде Мессидің белі жарақаттанды

Футболдан Гондурас құрамасымен жолдастық кездесуде Аргентина командасының капитаны Лионель Месси беліндегі жарақаты салдарынан ойыннан шығуға мәжбүр болды.

115180

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Би-Би-Си агенттігінің жазуына қарағанда, Месси 64-ші минутта Гондурас футболшысы Оливер Марасанға соғылып қалғаннан кейін алаңнан кетті.

Кейін футбол қауымдастығының “Туиттерінде” аргентиналық шабуылшының сол жақ қабырғасы мен белі зақымданғаны жазылды.

Футболдан Америка кубогі аясында өтіп жатқан жолдастық кездесуде аргентиналық құрама 1:0 есебімен жеңді. Қарсыластарының қақпасының кілтін шабуылшы Гонсало Игуаин таба білді.

Аргентина құрамасының келесі ойыны 6 маусымда Калифорнияда өтеді. Онда команда құрамасының қарсыласы Чили футболшылары болмақ.

Талқылау