Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің жерлестері боксшыға сақал өсіріп, шашты алып тастауға кеңес берді

Қазақстан мұсылмандары Геннадий Головкинге есімін ауыстыруды ұсынып отыр. Олар осындай өтінішпен Қазақстанның мұсылмандар одағына жүгінген.

photo_10309

Фото: ztb.kz

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Одақтың баспасөз қызметінің ақпаратынша, ұлттық құндылықты көрсету және туған елі мен қаласының имиджін көтеру үшін мұсылмандар Головкинге Генабек Қара-Бас деген жаңа есім беруді өтініпті. Мұндағы “Қара” деген Қарағандыны, ал “Бас”, орыс тіліне аударғанда “Голова” – оның ескі фамилиясын ғана емес, бірегей боксшы екенін де білдіреді.

Жерлестерінің ойынша, спортшы рингке шыққанда қазақ мәдениетімен байланысты жарқын ассоциация тууы керек. Жекпе-жек басталар кезде және соңында киетін ұлттық шапаны бар, әрине, бірақ оны ұзақ уақыт кимейді. Қарағандылықтар ұлттық сипатты күшейту үшін мұрт пен сақал өсіріп, шашты алып тастауды сұрайды. Олар боксшыға рингке тақиямен шығуға кеңес беріп отыр. Бас киімді соңына дейін шешпесе, тіпті жақсы болар еді дейді. Тақия басынан түсіп кетпеу үшін арнайы скотчпен жабыстырып қою керек екен.

Аталған өтініш халықаралық бокс ұйымдарына жолданып та қойды.

Оқи отырыңыздар:

Илья Ильин спорттың жаңа түрлерін меңгеріп жүр

Илья Ильин отбасылық видеосымен бөлісіп көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Данияр Елеусінов 10 миллион теңгесін сал ауруына шалдыққан балаларға аударды (фото, видео)

Талқылау