Головкиннің жекпе-жекке шығардан бұрын жаттығу бөлмесіндегі видеосы пайда болды (видео)

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 17:42

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, бірінші орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 17 қыркүйек күні “Канелоға” қарсы жекпе-жекке шығардан бұрын дайындалған сәтінің видеосы пайда болды.

Бейнежазбада Головкиннің T-Mobile-аренаға келгені, жаттығу бөлмесінде HBO телеарнасына сұхбат бергені көрсетілген.

Оның жаттығу бөлмесінен GGG командасының менеджерлері, бапкері Абель Санчес, ағасы Максим Головкинді көруге болады. Сондай-ақ, төрде Қазақстанның туы ілініп тұр. Және рингке киіп шығатын оюлы шапаны да алдын ала дайындалып қойған.

Головкин кездесуге санаулы минуттар қалған сәтте дене қыздыру жаттығуларын жасап, соңғы дайындықтарын пысықтайды.

Еске салсақ, 17 қыркүйек күні Головкин мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек өткізіп, тең түсті. Осыған дейінгі 37 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтаған қазақстандық боксшы кездесу нәтижесіне қатысты өз пікірін де білдірген болатын. Енді екеуара мықты жеңімпазды реванш жекпе-жекте анықтайтын болады. Өз кезегінде Головкин өзіне қолдау білдірген барша қазақстандықтар мен президент Назарбаевқа алғысын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Нұрбақыт Теңізбаев Пекин-2008 Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар