Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Уэйд жекпе-жегінің үздік сәттері (видео)

Назарларыңызға Головкин-Уэйд жекпе-жегіндегі америкалық боксшының ногдаун мен нокаут алған сәтіндегі бейнежазбаны ұсынамыз.

photo_75653

Сурет boxnews.com.ua

Бұл туралы Вконтактедегі GGG парақшасы хабарлайды.

Бұл Генаның кәсіпқой шаршы алаңда өткізген 35-ші кездесуі және 35-ші жеңісі! Қарсыласы 25 жастағы Доминик Уэйд те қарымды боксшы еді. Жекпе-жек 2 раундқа созылды. Америкалық былғары қолғап шебері барынша тырысқанымен қазақстандық үздіктен айласын асыра алған жоқ. Осыған дейін ол 18 кездесуінің бірде-бірінде жеңілмеген болатын.

Головкин осы жеңісі арқылы WBA титулын 16-шы рет қорғап отыр. Қазақстандық боксшы 35 кездесуінде де түгелдей жеңіске жетіп, оның 31-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Талқылау