Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің не себепті EXPO кезінде жекпе-жек өткізе алмағаны белгілі болды

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жекпе-жектің неліктен жазда Қазақстанда өткізілмегенін, сондай-ақ отандасымыздың жекпе-жегін қашан өз елімізден көруге болатынын айтып берді.

10-03

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Геннадий Қазақстанда жанкүйерлерінің алдында жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл жолы болмай қалды, онымен қоса уақыт та болмады. Себебі Геннадий Джейкобспен өткен кездесуде 12 ауыр раунд өткізді. Геннадий осы жекпе-жекті Қазақстанда өткізгісі келді, бірақ біз тәуекелге бармадық. «Канеломен» кездесу мүмкіндігінен айырылып қаламыз ба деп ойладық. Себебі ол бүгінде бокстағы ең үлкен кездесу болмақ. Бірақ мен менеджерлердің Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетіндерін білемін”, – дейді промоутер.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда кездесу өткізудің қиындығына да тоқталды.

“Әрине қаржылай көмек, демеушілердің қолдауы да керек. Себебі T-Mobile, Madison Square Garden ареналарда өтетін жекпе-жектерде ақылы трансляциялар сатылады. Бірақ Қазақстанда жекпе-жекті ешкім ақылы трансляция арқылы көрмейді. Және қарсыластарға қатысты мәселе. Геннадийге қарсыласын Қазақстанға әкелу үшін оған 2 есе көп ақша төлеуі керек болады. Сондықтан мұнда міндетті түрде қаржылай көмек керек. Бірақ бізде EXPO кезінде осындай мүмкіндік болды. Келесі жылы осы мәселені қайта қарастырып көреміз деп ойлаймын”, – деді Леффлер.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Месси пианинода ойнап жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Футболшының интимді шаш үлгісі желіде күлкіге айналды (фото)

Талқылау