Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің Қазақстанда өткізетін жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Латын америкалық ESPN басылымының тілшісі Фернандо Барбоза әлеуметтік желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жегінің уақытын хабарлады.

gennady-golovkin-boxing-ggg_3783865

“GGG мен Сондерс кездесуі 10 маусым күні Қазақстанда өтеді. Головкин 18 наурыз күні Джейкобсқа қарсы шығатындықтан әлі ешкім ресми түрде растамады”, – деп жазады Барбоза.

Америкалық басылымдар Головкин мен Сондерс кездесуінің жазда Қазақстанда өтетіні туралы жыл басында да жариялаған еді. Жекпе-жек ЭКСПО көрмесі қарсаңында өткізілмек. Халықаралық көрменің баспасөз қызметі де боксшылар арасындағы келіссөзердің рас екенін айтты.

Сонымен қатар, британиялық боксшы да бұл туралы там-тұмдап мәлімдеген еді. Ол жекпе-жектің АҚШ-та да, өз елінде де емес, сыртта болатынын ескерткен.

Головкин Сондерспен жекпе-жекке шығу арқылы, WBO белбеуіне үміткер атанбақ. Бұған дейін Головкин-Джейкобс кездесуінің 18 наурызға бекітілгені хабарланған еді. Бокс кеші Нью-Йорк қаласында өтеді. Қазіргі таңда билет құны да анықталған. Ең төменгі билет бағасы 100 доллар болса, ең қымбаты – мың долларға дейін жетеді.

Оқи отырыңыз:

Жақиянов WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды

Қанат Исламның жекпе-жегін қайдан тамашалауға болады?

Қазақстандық спортшылар Универсиада-2017-де қанша табыс тапты?

Криштиану Роналдумен “байланысы бар” деген кикбоксшы екі жылға сотталды

Талқылау