Головкиннің бұрынғы бапкері оның қазіргі жаттықтырушысы жайлы айтты

Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы оның жаңа тәлімгері Джонатан Бэнкстің тәжірибелілігі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Абель Санчес GGG-ға канадалық Стив Роллмен алдағы күреске сәттілік тіледі. Ол бұрышта жақсы бапкері болатынын айтты.

"Мен оған Роллмен айқаста сәттілік тілеймін, оның бұрышында жақсы маман бапкерлік ететініне көзім жетеді. Бэкстің ең тиімді жағы - ол үлкен шайқастарда жұмыс істегендіктен еш қорықпайды. Кличкомен бірге жұмыс істеді. Кличконың күресі - бұл өте үлкен оқиға. Мормекпен Кличко күрескенде алаңда 55 мың көрермен болды. Сондықтан Геннадий тәжірибелі адаммен жұмыс жасап жатыр деп ойлаймын. Джонатан - бұл кәсіби, тәжірибелі жаттықтырушы", - деді Санчес The Ring Digital-ға берген сұхбатында.

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында GGG Роллспен күрес өтеді. Бұл күрес жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің басшылығымен бірінші жекпе-жек болмақ.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр