Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің боксшы ретіндегі негізгі ерекшелігі аталды

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіби рингтегі қарсыластарымен салыстырғандағы мәртебесі туралы айтты.

Геннадий Головкин

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ломаченко, Усик, Головкин тәрізді жігіттер – мен жақсы көретін боксшылар. Олар, әдетте, жеңуі тиіс барлық жекпе-жекте жеңеді. Мен олардың жекпе-жекте жеңіске үміткер болмаған кезін білмеймін.

Олар әлемдік саханаға шыққаннан бері жеңіске үміткер болып келеді. Олардың расымен де өте мықты екенін айта кету керек», – дейді Дуглас Фишер.

Айта кетсек, Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жегінде де жеңіске үміткер болған еді. Алайда төрешілердің шешімі бойынша «Канело» жеңді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау