Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің әлеуетті қарсыласы – Альварес сотқа шақырылды

Жуырда ғана британиялық боксшы Әмір Ханды тізе бүктірген Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы Сауль Альварес сот шақырылды.

vcx

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Канелоның бұрынғы промоутері кіші Феликс “Туто” Сабала Golden Boy компаниясын сотқа берді. Оның айтуынша, 2008 жылы Оскар Де Ла Хойя Сабала төртжылдық келісімшарт орнатқан Альваресті одан “ұрлап” алды.

Арыз сотқа сонау 2011 жылы берілгенін, бірақ істі қарау қандай да бір себептермен кейінге қалдырыла бергені хабарланып отыр. Процесс дүйсенбі күні қайта басталды, оған Альварестің өзі, Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя, вице-президент Эрик Гомес, менеджер Хосе “Чепо” Рейносо, сондай-ақ жаттықтырушы Эдди Рейносо қатысты. Сот процесі 2-3 аптаға созылатыны күтіліп отыр.

Бұдан бұрын, Қазақстандық жанкүйерлер Альвареске “Саулешка” деген лақап ат бергені туралы жазған едік. Бұған себеп болған, мексикалық боксшының WBS белдігін Головкинге ресми түрде босатып беруі болды.

Талқылау