Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннен алынған чемпиондық белбеу ресми түрде «Канелоға» табысталды

Мексикалық боксшы Сауль Альвареске (50-1-2, 34 КО) Головкиннен алынған WBC орташа салмақта әлем чемпионы белбеуі салтанатты түрде табыс етілді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sport.kz-ке сілтеме жасап.

Головкиннен алынған чемпиондық белбеу ресми түрде «Канелоға» табысталды

«Канело» бұл белбеуді 15 қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді(38-1-1, 34 КО) төрешілердің шешімімен жеңген кезде иеленген. Сондай-ақ, мексикалық боксшыға WBA супер белбеуі мен арнайы WBC белбеуі және The Ring журналының бос тұрған белбеуі, IBO атағы берілді. Бірақ ол санкция ақысын төлемегендіктен, соңғы атақты алудан бас тартты.

Ата кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы шайқас 2017 жылдың 16 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. Оның нәтижесі бойынша екі боскшы тең түсті деген қорытынды жасалды. Екінші айқаста төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан Геннадий үшінші жекпе-жек өткізуге келісім берді, бірақ Альварестің командасы отандасымызбен тағы бір кездесу өткізуге асығатын емес. Енді «Канело» 15 желтоқсанда өзінің келесі жекпе-жегін өткізбекші. Ол Нью-Йоркте WBA супер чемпионы, екінші орташа салмақ дәрежесіндегі боксшы Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) айқасатын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау