Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Головкинге келесі жекпе-жекті кіммен өткізген тиімдірек
BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық спортшы Сауль Альварестен жеңілгеннен кейінгі болашағы туралы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі sports.kz-ке сілтеп.
«Головкин – Сондерс шайқасы бұған дейін де біраз талқыланған болатын. Қазір енді бұл жекпе-жектің өтуіне тиімді сәт туып тұр. Ол Головкинге әлем чемпионы атағын қайтарып алуға мүмкіндік берер еді. Ал, Лемьені жеңген Сондерске тағы да сәтті өнер көрсетуге мүмкіндік ашылды. Сондерс Головкинді жеңе алса оның беделі арта түседі»,-деп жазылған oxingInsider.com сайтында.
Головкинге бокста тағы не қалды? Ол орташа салмақ дәрежесінде өзінің кім екенін бәріне дәлелдей алды. Бірақ, оның енді салмақ санатын өзгерту-өзгертпеуі екі талай. Головкин жиырма рет жекпе-жекке шығып, өз атағын қорғап шықты. Енді, оған былғары қолғабын іліп қойып, өмірдің рахатын көре беруге де болады.
«Бірақ, әрине біз «Канеломен» мен тағы бір айқасты көргіміз келеді. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда бізді төртінші шайқас күтіп тұр»- деп жазады басылым.
Айта кетейік, халықаралық бокс ұйымы Головкинге әлем чемпионы атағын қайтарып алуға мүмкіндік берген болатын.