Головкин жекпе-жекке жеті күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек , 2017 9:28

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) 16 қыркүйекте мексикалық Сауль “Канело” Альварес өтетін жекпе-жекке бір апта қалғанда WBC мәндеттеген салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

crop

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ережесіне сәйкес, жекпе-жекке бір ай қалғанда және бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімі өткізеді. Орта салмақта максималды көрсеткіш – 168 фунт (76,2 келі), ал Головкиннің салмағы 164,4 фунт (74,6) келі болды.

Осыған дейін жекпе-жекке 30 күн қалғанда қазақстандық боксшы сәтті өткен еді. Оның салмағы 170 фунт (77,1 келі), бір ай қалған уақытта ең максималды көрсеткіш – 176 фунт (79,8 келі)

Айта кетейік, Альварес бұл міндеттелген салмақ өлшеу рәсіміне қатыспайды себебі, ол осы WBC ұйымымен жанжалдасуына байланысты осы нұсқадағы белбеу үшін таласудан бас тартқан болатын.

Айта кетейік, Головкин – “Канело” жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұған дейін спортшының қызы өмірге келгенін хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Ермахан Ыбырайымов: Тәуелсіз ел болмасақ, бұл бокс кеші де болмас еді

Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты

Мамандар: Қанат Ислам Кукке қарсы өзінің карьерасындағы ең үздік жекпе-жегін өткізді

Геннадий Головкин қызды болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар