Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин: Мен үшін қолдауларыңыздың орны ерекше

Головкин өзінің инстаграмдағы парақшасында барша қазақстандық жерлестеріне алғыс айтты.

17267583_1089276897882780_1620434166564782080_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жанкүйерлеріме қолдауы мен құттықтаулары үшін, маған деген сенімдері үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Нью-Йорктың бас аренасында маған өзімді өз үйімде тұрғандай сезінуге мүмкіндік берген жандарға мың алғыс! Келіп, қолдау көрсеткендеріңізге, Мэдисон Сквер Гарденнің әр секторынан, әр трибунасынан Қазақстанның туын көтергендеріңіз үшін рахмет.

Жексенбінің таңында ұйықтамай шаршы алаңдағы кездесуімді көрген жерлестеріме де рахмет. Сіздердің қолдауларыңыздың мен үшін орны ерекше. Өздеріңізді спорт мерекесінің бір бөлшегі ретінде сезіне білгендеріңіз үшін қуаныштымын!» – дейді қазақстандық боксшы.

Желі қолданушылары өз кезектерінде оның жеңісі үшін ерекше қуанғандарын жеткізді. Спортшының аталған жазбасына 116 мың лүпіл басылып, 2 500-ден астам пікір жазылған екен. Пікірлер бірнеше тілде жазылған.

«Сен қазақстандықтарды жексенбі күні тікесінен тік тұрғызатын жалғыз адамсың», «Гена, сен нағыз чемпионсың! Біз сені мақтан тұтамыз!», «Сен үшін Майқұдық тұрғындары ерекше қуанады», «Алға, Гена! Алға, Қазақстан! Біз әрдайым сенімен бірге боламыз», «Үлкен өтініш! Келесі кездесуіңде шетелдің емес, өзіміздің ұлттық киім киген қыздар тұрсыншы», «Саған барлық салада табыс тілейміз!», «Гена, сен керемет жансың! Сен ғарышпен теңсің!» деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Абель Санчес: Головкин – машина емес

Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Сондерс: Головкинді өз елінде “масқара” етуге дайынмын

Танымал бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірді

Талқылау