Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин, Ильин, Нұртас, Дұғаловалар мәжіліс депутаттығынан үміткерлер қатарында

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. Оған республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері енді.

головкин

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттарының саны 98 адамды құрайды. Алайда, партиялар осы санға қосымша 30 пайызға үміткерлер тізімін арттырып, бекіте алады. Соған байланысты партиялық тізімде 127 адам қамтылған, бұл кандидаттардың тізімі «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінде алдын ала мақұлданған.

Үміткерлер арасында бесінші шақырылымның бірқатар депутаттары, бірқатар облыс әкімдері, министрлер мен Үкімет мүшелері, спортшылар мен әншілер де бар.

жанар

Мәселен, партиялық тізім бойынша белгілі боксшы Геннадий Головкин мен әлем және олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев, Илья Ильин енді. Сонымен қатар, еліміздің танымал әншілері Қайрат Нұртас пен Жанар Доғалова, Айман Мұсақожаевалар өтті. Бірқатар министрлер мен әкімдер, ұлттық компания басшылары да партиялық тізімге енген.

Мәселен, министрлер арасында Арыстан Мұхамедиұлы, Бақыт Сұлтанов, Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиндер де бар. Облыс әкімдері, солардың ішінде Бердібек Сапарбаев, Сергей Кулагин, Алик Айдарбаев, Амандық Баталов, Даниал Ахметовтер енді.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК президенті Ахметжан Есімов, актер Нұрлан Әлімжанов та бұл тізімнің ішінде бар болып шықты.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде ҚР президенті Назарбаев, мәжілістің жаңа депутаттары ел болашағы үшін қызмет ететін, сапалы адамдар болуы тиіс екенін айтты.

«Тізім бойынша байқаған боларсыздар, мәжіліс депутаттарының құрамы 60 пайызға өзгеруі мүмкін. Әрі бұл дұрыс», – деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс сессиясында.

«Бұған әртүрлі себеп бар: зейнет жасының келуі, жас депутаттарды көбейту, сондай-ақ дәл қазір кімдер қажет, солар қосылғаны дұрыс. Заңды қалай қабылдауды әрі жасауды білетін заңгерлер, Қазақстан мен әлемдегі экономикалық жағдайларды сараптап қорытынды шығара алатын экономистер, әлеуметтік орта өкілдері керек. Біздің жасаған барлық жұмысымыз Қазақстан халқының игілігі үшін болуы тиіс. Бұл басты нәрсе», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Бүгін Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өткен болатын. Парламент мәжіліс депутаттығына «Нұр Отан» партиясының атынан үміткер болғандар тізімінде кәсіпқой боксшы Генадий Головкин мен әнші Қайрат Нұртас пен Жанар Доғалова да бар. Қайрат егер депутат атанатын болса, сахнадан кететінін де айтқан еді.

Өткізіп алмаңыз:

Esentayyevvaa-620x413Есентаева жас әншілердің депутаттықа ұсынылуын сынға алды

 

 

 

Талқылау