Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді

Америкалық Power радиосының The Breakfast Club бағдарламасына қонаққа келген Геннадий Головкин Ресейде мас көлік жүргізушісімен қалай төбелесіп қалғанын айтып берді. Айтуынша, оқиға 2 жыл бұрын болған.

colovkin-672x372

“Ол көлік рөліне мас күйінде отырып алып, барлық көлікті соғып жатты. Бұл жол бойындағы тіпті де үлкен төбелес емес еді. Ол жерде балалар мен адамдарға қауіп төнді”, – дейді Головкин.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы сұхбат барысында кіші Мевезерді жеңіп кете алатынын да айтты.

“Флойд боксқа қайта оралады деп ойлаймын. Өйткені, ол ақылды әрі спорт бұл өте үлкен бизнес. Өмір көрсетеді. Мен оны жеңе аламын. Онымен бір-екі рет жүздесіп қалдым. Оны мықты боксшы әрі бизнесмен ретінде құрметтеймін”, – деді Головкин.

Головкин Мейвезермен кездесу үшін 160-тан 154 фунтқа төмендеуге дайын екен. Ал екеу ара жекпе-жек үшін шамамен 100 миллион доллар көлемінде келісім жасалуы мүмкін.

Бұған дейін Головкин-Джейкобс кездесуінің 18 наурызға бекітілгені хабарланған еді. Бокс кеші Нью-Йорк қаласында өтеді. Қазіргі таңда билет құны да анықталған. Ең төменгі билет бағасы 100 доллар болса, ең қымбаты – мың долларға дейін жетеді.

Жекпе-жекке билеттерді Madison Square Garden кассасынан немесе Ticketmaster.com сайты арқылы тапсырыс беріп алуға болады. Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жүйесі бойынша таратады. Көрермендер боксты көру үшін 54,95 доллардан төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Аршавин: Маған қазақтың ет тамағының түрі ұнамайды

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Талқылау