Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин P4R рейтингісінде үздік үштіктен шығып қалды

Орта салмақтағы әлем чемпионы, танымал қазақстандық  кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин P4R рейтингісінде үздік үштіктен шығып қалды. WBN порталы өзінің P4R рейтингісінде бірінші ауыр салмақтағы жаңа абсолютті чемпион атанған Александр Усикты екінші орынға тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sport.inform.kz-ке сілтеп.

Головкин P4R рейтингісінде үздік үштіктен шығып қалды

Аталған тізімде тағы бір украиналық боксшы Василий Ломаченко көш бастап тұр. Сондай-ақ, үздік үштікті Данияр Елеусіновтың дивизиондағы чемпион – Теренс Кроуфорд бекітті. Ал, қазақстандық Геннадий Головкин үздік үштіктен түсіп қалып, 4 орынды иеленді. Бірақ, оның қарсыласы Сауль Альварес бұл тізімде мүлде жоқ.

1. Василий Ломаченко (Украина)

2. Александр Усик (Украина)

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

4.Геннадий Головкин (Қазақстан)

5.Майки Гарсиа (АҚШ)

6. Мэнни Пакьяо (Филиппин)

7. Наоя Иноуэ (Жапония)

8.Энтони Джошуа (Үлыбритания)

9. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)

10. Лео Санта Крус (Мексика)

Айта кетейк, Александр Усик жақында ғана Головкиннің оқу-жаттығу легеріндегі әріптесі Мұрат Гасьевті жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанған болатын. Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирнаның сөзіне сүйексек, украиналық спортшы қазір P4R рейтінгінде нөмірі біріншісі боксшы болып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық кәбіпқой боксшы Геннадий Головкиннің «Канелоны» тізе бүктіргеннен кейін, тағы кімдермен жекпе-жекке шығатыны туралы және Головкин-Альварес қарымта кездесуінің билеттері сатылымға шыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау