Головкин мен Уэйд бетпе-бет кездесті (видео)

Жұма, 19 Ақпан , 2016 10:36

Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд Нью-Йорктегі баспасөз конференциясының барысында бетпе-бет кездесті.

golovkin-wade (16)

Сурет boxingnews.com сайтынан алынды.

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі баспасөз конференциясында 23 сәуірде Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жектің алдында өзін қалай сезініп отырғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды  Sports.kz.

«Қазіргі кезде өзімді әлдеқайда жақсы сезініп отырмын. Жаңа жыл, жаңа жұдырықтасу. Мен шаттанып отырмын, себебі бұл – бокс. Доминик Уэйдты құрметтеймін. Ол осыған дейін жеңілмеген спортшы әрі міндетті үміткер. Бұл өте күрделі. Бойымда жаңа эмоциялар бар. Кім жеңетінін білмеймін. Мен Құдай емеспін. Бұл бокс, жігіттер», – деп атап өтті қазақстандық боксшы.

Өз кезегінде Уэйд алдағы жекпе-жекте GGG-нің жеңіске сенімді үміткер екеніне қарамастан, еш алаңдаушылық білдірмеді.

«Мен оған назар аударып отырған жоқпын. Бұл мені алаңға шығып, әлемді таңғалдыруға ынталандыра түседі. Солай жасамақпын. Мен оған (Геннадий Головкин – авт.) тым артық баға берілді деп ойлаймын. Жұрт оны Супермэн қылып қойды. Мен оны сондай деп ойламаймын. Оның бокстағы ойынында осал тұстарын көріп отырмын. Ол қарапайым, бірақ айналасындағы шу көптеген адамды қорқытып отыр», – деп баяндады Уэйд.

Еске сала кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде «Форум» аренасында өтеді.

Бұл Геннадий Головкиннің спорттық мансабындағы 35-ші жекпе-жегі болмақ. Доминик Уэйд 18 жекпе-жектің 18 бәрінде жеңіске жеткен, соның 12-сін ол уақытынан бұрын аяқтаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар