Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен алдағы ықтимал жекпе-жек туралы айтты.

Golovkin-pic4_zoom-1000x1000-98292

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен алдағы ықтимал жекпе-жек туралы айтты, деп жазады vesti.kz. 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО)  мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) 16 қыркүйекте Лас-Вегасте қолғап түйістіреді.  Дәл сол күні Лондонда Билли Джо кіші Вилли Монромен (21-2, 6 КО) шаршы алаңда кездеседі.

Еске сала кетейік, Головкинге орта салмақтағы титулдарды біріктіру үшін Сондерстегі WBO белбеуі ғана жетіспей тұр.

“Егер Билл Монроны жеңсе, онда Головкин — “Канело” жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге бар күшімізді саламыз. Егер Головкин жеңсе жекпе-жекті желтоқсанда, ал “Канело” жеңімпаз болса онда келесі жылы өткізетін боламыз. Билл өзінің күші мен деңгейін көрсетуі керек”, —  деді Уоррен.

Тағы да оқыңыз:

Головкиннің егізі онымен ұқсастығы туралы айтып берді (фото)

Головкин-Альварес: 16 қыркүйек қарсаңында білуіңіз керек 5 нәрсе

Сондерс: Головкин допинг қабылдайды

Талқылау