Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Сауль Альварес бір-бірімен көз түйістірді (фото, видео)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль “Канело” Альварес (49-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте ресми баспасөз мәслихатын өткізді.

photo_77277 (1)

Фото: boxingscene.com

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Журналистердің сауалдарына жауап берген боксшылар, тағы бір мәрте көз түйістірді. Олар алғаш рет 7 мамыр күні көз түйістіру рәсімін жасаған болатын. Медиатур аясында GGG мен “Канело” Лос-Анджелесте тағы да БАҚ өкілдерімен кездеседі.

photo_77283

Баспасөз мәслихаты кезінде Головкин 16 қыркүйек күні “биг драма шоу” жасауға уәде берді. Альварес болса Генанын нокаутпен жеңетініне сенімді екенін айтты.

photo_77287

Еске салайық, Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

photo_77288

Жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшыға тиесілі орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO белдіктері тігіледі.

Оқи отырыңыз:

Әділбек Ниязымбетов: Ақша бізге оңай жолмен келсе, неге елдің бәрі Олимпиада чемпионы болып кетпейді

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Талқылау