Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен “Канело” екінші жекпе-жегі үшін қанша ақша алады?

Бүгін Лас-Вегасте орта салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші жекпе-жегі өтті. Қос боксшының қарымта кездесу үшін қанша ақша алатыны белгілі болды.

Головкин мен "Канело" екінші жекпе-жегі үшін қанша ақша алады?

Сурет: HBO Boxing

Бұл туралы ESPN басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен қарымта кездесуі үшін 4 миллион доллар алады.

Журналист Дэн Раффаэльдің мәліметінше, «Канело» жекпе-жек үшін 5 миллион долларға ие болады.

Ал жекпе-жектің телеарналардан ақылы түрде көрсетілгені үшін, қос боксшыға жалпы сомасы 30 және 40 миллион доллардан берілетін болады.

Айта кетсек, бүгін, 16 қыркүйекте, Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау