Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Джейкобстың әр раундтағы таза соққыларының қанша екені есептелді (видео)

Artorias Boxing Youtube-каналы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекке сараптама жасап шыққан.

8dChOvrqVc0

Сараптама барысында қос боксшының бір-біріне дәл тигізген соққылары есептеліпті. Оның қорытындысы мынадай:

Головкин-Джейкобс:

1-раунд: 9:8
2-раунд: 6:4
3-раунд: 17:5
4-раунд: 27:9
5-раунд: 19:9
6-раунд: 10:9
7-раунд: 5:6
8-раунд: 13:11
9-раунд: 20:7
10-раунд: 16:18
11-раунд: 13:6
12-раунд: 16:6

Осылайша кездесудегі дәл соққыларға жасалған сараптама Головкиннің екі есе басымдықпен жеңіске жеткендігін айғақтайды.

Еске сала кетейік, 19 наурыз күні өткен жекпе-жекте Головкин Джейкобсты ұпай санымен ұтып, кәсіпқой бокстағы 37 жекпе-жек және 37-ші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі британиялық Сондерске қарсы өткізілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Олимпиада чемпионы Винокуров “А-Студио” тобымен бірге ән шырқады (видео)

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Әйгілі Диего Марадона өз сүйіктісіне шабуыл жасады

Талқылау