Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин: Мен де қарапайым адаммын, менің де осал тұсым бар

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өткен қарымта кездесуінен кейін сұхбат беріп, өз ойын айтты.

Головкиннің сұхбат берген видеосы желіде тарады.

“Мен өзім туралы тек жақсы нәрсе айта бергім келмейді. Мен де барлық азаматтар секілді қарапайым адаммын. Менің де қателесетін кезім болады. Менің де осал тұсым бар. Мінсіз адам болмайды”, – дейді Головкин күле отырып.

Айта кетейік, 15 қыркүйекте Геннадий Головкин Сауль Алварестен жеңілді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды.

Ал, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Элейдер Альварес бұл жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңімпаз болуы тиіс болғанын айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау