Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Альварестің кезекті допинг сынағының нәтижесі жарияланды

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман «Таза бокс» бағдарламасы аясында қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альварестің жақында тапсырған сынама нәтижесін жариялады.

Головкин мен Альварестің кезекті допинг сынағының нәтижесі жарияланды

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«WBC бүкіләлемдік бокс кеңесі қазір ғана VADA-дан Сауль Альварес Канелоның 2 сәуірдегі, сондай-ақ Геннадий Головкиннің 3 сәуірдегі допинг-сынамасының нәтижесін алды. Допинг сынаманың нәтижесі бойынша екі боксшы да – таза», – деп жазды Сулейман өзінің Твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін «Канелоның» 29 наурыздағы сынағының нәтижесі жарияланды. Бұған дейін рұқсат етілмеген дәріні қолданды деген Альварестің ағзасынан кленбутерол мен басқа да тыйым салынған заттар табылмады.

Тағы оқыңыз: 

Головкин: Мартиросянмен арадағы жекпе-жек таза Мексика стилінде өтетін нағыз айқас болады

Төрт жасар қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдегер болды

Футболшы Самат Смақов төртінші рет әке атанды

Головкин: Бұл жекпе-жектің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін

 

 

Талқылау