Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Альварес жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекті 2017 жылдың қыркүйегінде өткізуі мүмкін.

20160918132652

Бұл туралы ESPN телеарнасы Альварестің промоутері Оскар де ла Хойяға сілтеме жасап хабарлады.

Осыған дейін Альварес 12 раундтық жекпе-жекте британиялық Лайам Смитті 9 раунда нокаутпен жеңіп, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тартып алды, деп хабарлады Қазақпарат.

Альварес 34 жастағы қазақстандықпен кездесу өткізу туралы келіссөздер бұрын жүргізілгенін айтты. «Бір ай бұрын Головкинге оның бұрынғы табысынан екі немесе үш есе көп ұсындық», – деді мексикалық.

Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мен Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 11 қыркүйекте ол британиялық Келл Брукқа қарсы кездесуде титулдарын қорғап қалды.

Жіберіп алмаңыз: 

Паралимпиаданың қола жүлдесіне Ғабидуллинаға жарты секунд жетпей қалды

Ильиннің салмағында медаль алған Лондон олимпиадасының үш жүлдегері де допинг дауына ілікті

Көмекшілері Головкиннің науқастанып қалуы туралы сыбыстың қайдан шыққанын айтып берді

БАҚ Головкинді «Ресей спортшысы» деп атады

Талқылау