Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Альварес ресми түрде салмақ өлшеді (фото, видео)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль “Канело” Альварес ресми түрде салмақ өлшеу рәсімін өткізді.

photo_99877

Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

photo_80292

Салтанатты шара MGM Grand кешенінде өтті. Салмақ өлшеу қорытындысы бойынша екеуі де бірдей салмақ көрсетті: 160 фунт (72,57 келі)

photo_80293

photo_80290

Еске салсақ, Головкин мен Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада жұдырықтасады. Спорт кешені 21 мың адамға лайықталған. Қазіргі таңда барлық билеттер сатылып кетіпті.

Осыған дейін боксшылардың жекпе-жектен соң қанша қаламақыға ие болатыны айтылған еді. Өз кезегінде президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелге жасайтын іссапарына қарамастан жекпе-жекті көретінінайтқан еді. Сонымен қатар, мына сілтемеге өту арқылы Лас-Вегастың жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын да тамашалай аласыздар.

Қазақстандықтар тамаша бокс кешін Qazaqstan және Qazsport арналарынан 17 қыркүйек күні таңертең көре алады.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Месси пианинода ойнап жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Футболшының интимді шаш үлгісі желіде күлкіге айналды (фото)

Талқылау