Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин: Келесі қарсыласым Брук екенін естігенде таңқалдым (фото, видео)

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британиялық Келл Брук алғашқы баспасөз мәслихаттарын өткізді.

Безымянный

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Кездесу Нью-Йорк қаласында өтті.

“Бірер күн бұрын ғана менің промоутерім Том Леффлер маған келесі қарсыласым Келл Брук болатынын айтты. Мен “Уау!” деп жауап бердім. Бұл мен үшін жаңалық болды. Мен оны өз дивизионындағы өте күшті боксшы ретінде білемін. Ол мен үшін аса лайықты қарсылас”, – деді қазақстандық боксшы.

Өз кезегінде Брук та Головкиннің алдыңғы қарсыластары секілді ірі-ірі сөздер айта қоймады.

“Мен жартылай орта салмақтағы боксшымын. Мен рингке шығып әлемнің үздік боксшысына қарсы тұруым керек. Мен өз мүмкіндігімді пайдаланамын деп ойлаймын”, – деді ол.

Ал Головкиннің бапкері Абель Санчес бұл жекпе-жекті бокс тарихындағы ірі кездесулермен салыстырды.

“Бұл Де Ла Хойя – Хопкинс немесе Тито Тринидад – Хопкинс кездесуі секілді. Бұл жекпе-жек көрермендердің есінде ұзақ уақыт қалады деп ойлаймын”, – деді ол.

Баспасөз мәслихаты барысында қос боксшы әдеттегідей рәсімге сай көз түйістіру шарасын да өткізді.

Талқылау