Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Карина Абдуллинаны Лас-Вегаста өткен жекпе-жекке не үшін шақырды?

Даңқты боксшы Геннадий Головкин “Канеломен” болған жекпе-жек алдында әнші Карина Абдуллинаны арнайы Лас-Вегасқа шақырған. Головкиннің шақыртуы жайлы Абдуллинаның өзі айтып берді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Головкин Карина Абдуллинаны Лас-Вегаста өткен жекпе-жекке не үшін шақырды?

Әншінің айтуына қарағанда, GGG жекпе-жек алдында Қазақстанның әнұранын дәл Каринаның орындағанын қалапты. Бұл орайда Абдуллина әлемге әйгілі боксшының “нағыз патриот” екенін атап өтті.

“Болат екеуміздің досымыз, әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің шақыртуымен алдыңғы күні Лас-Вегасқа келдім. Ондағы мақсатым – 15 қыркүйек күні жекпе-жек алдында, рингте Қазақстанның әнұранын шырқау. Бүгін T-mobile аренасында біздің әнұранымыз шырқалды.

Головкин Карина Абдуллинаны Лас-Вегаста өткен жекпе-жекке не үшін шақырды?

Көрермендер телеэфирден көре алмаса да, бұл мен үшін зор мақтаныш. Геннадий – тек қана даңқты спортшы емес, өз Отанының нағыз патриоты!” – деп бөлісті ол Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау