Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин «Канеломен» қарымта кездесуге дайындықты бастап кеткенін айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альвареспен қарымта кездесуге дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Stan.kz.

«Дайындық басталды. Командам жиналып, жұмысқа дайын отыр. Бар ойым 100 пайыз дайындықта», – деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкинмен айқасқа шығатын “Канелодан” допинг табылғаны хабарланған еді. Ал қарсыласының допинг қолданғанына қатысты пікір білдірген Головкин оның таза екенін дәлелдеуді талап етті. 9 наурызда Канелоның 2 және 5 наурыздағы допинг сынамасының нәтижесі белгілі болды. Мексикалық боксшы қарсыласы Головкинмен жекпе-жекке дайындалу үшін АҚШ-қа қайтып оралды.

Оқи отырыңыз:

«Канело» Головкинмен қарымта кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа оралды

Танымал көріпкел Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі қалай аяқталатынын айтты

Бүгін Пхенчханда қысқы Паралимпиада ойындары басталды

«Канелоның» тағы екі допинг сынамасының нәтижесі белгілі болды

Талқылау