Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин «Канеломен» екінші жекпе-жекте жеңілгеннен кейін спорттан шеттетілді

WBA (Super), WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін спорттан уақытша «шеттетілді».

 Геннадий Головкин

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шешімі бойынша Геннадий Головкин 31 қазанға дейін шаршың алаңға шыға алмайды. Ал «Канело» 15 қарашаға дейін спорттан шеттетілді. Аталған шара спортшылардың жекпе-жектен кейін қалпына келуі үшін қолданылады.

Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау