Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Канело реваншы: Билеттер қайтарыла бастады

T-Mobile аренасының ортақ иегері MGM Resorts International компаниясы 2018 жылдың 5 мамырына жоспарланған Геннадий Головкин-Сауль Альварес реваншына сатылған билеттердің ақшасын толықтай қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Лас-Вегас шолу-журналы MGM Resorts International өкіліне сілтеме жасай отырып, билетке жұмсалған қаражатты өтеуді талап еткен жанкүйерлер ақшаларын алғашқы сату нүктесінен толық қайтарып ала алады деп мәлімдеді.

Негізінде Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек 2016 жылы мамыр айында болуы керек еді. Ал Канело шайқасты басқа күні өткізуді талап еткен. Бірақ сайып келгенде ол белбеуді төрт дивизияның иегері GGG-ға айқассыз берді. 2017 жылдың қыркүйегінде екі боксшы Лас-Вегастағы рингте кездесті. Сол күнгі айқаста мексикалық спортшы WBC белбеуін мүлде елемеді.

Айта кетейік, қыркүйек айында өткен жек-жекте екі боксшы тең түскен болатын. Сондықтан Головкин мен Канело арасындағы екінші айқас ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.

Алайда, Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альварестің қанынан кленбутерол дәрумені табылғаны үшін оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті.

Оқи отырыңыз:

Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты футболшылардың кітабына енді

Тұңғыш Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Футболдан Қазақстан жастары Люксембургпен болған ойында жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан құрамасы Болгариядан жеңілді

 

Талқылау