Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин: «Канело» менің құрметімді жоғалтты

WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Сауль Альвареске деген қарым-қатынасы қаншалықты өзгергенін айтты.

Геннадий Головкин

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Головкиннің сөзінше, ол қазір өзін жайлы сезінеді екен. Боксшы егер комиссия «Канеломен» жұдырықтасуға рұқсат берсе, өзінің дайын екенін айтуда.

«Алайда «Канело» менің құрметімді жоғалтып алды. Қазіргі уақытта ол мүлдем басқа адам. Ол – спортшы емес. Қазір жағдай 100 пайызға басқаша. Алайда мен оның адам ретіндегі жағдайын ойламаймын. Ол мені қызықтырмайды. Жай ғана 15 қыркүйекте келсін. Мен келеді деп сенемін», – дейді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау