Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Forbes бойынша MVP тізімінде үшінші орынды иеленді

Головкин Forbes бойынша MVP тізімінде үшінші орынды иеленді MVP рейтингінде боксшылардың спорттық жетістіктері мен кәсіби рингте алған сыйақыларының көлемі есепке алынады.

855099

© AP Photo / Mark J. Terrill

Орташа салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Forbes журналының 2016 жылғы MVP боксшылар тізімінде үшінші орын алды.

Forbes рейтингінде бірінші орынды ресейлік Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уорд арасында ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA (Super), WBО және IBF бойынша әлем чемпионы атақтары үшін өткен жекпе-жекке қатысушылар иеленді. Бұл жекпе-жекте Уорд 5 миллион доллар, Ковалев екі миллион доллар ұтқан болатын. Екінші орында – GGG-дан “қашып кеткен” мексикалық Сауль “Канело” Альварес.

Жіберіп алмаңыз: 

Жалақасы жоғары футбол жаттықтырушылары белгілі болды

Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Танымал футболшымен бәстескен қазақстандық жігіт 40 градус аязда жалаңаш жүрді

Талқылау