Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин ESPN-нің орта салмақтағы ең мықты боксшы атағынан айырылды

ESPN арнасының сайты барлық салмақ санатындағы боксшылардың рейтингісінің жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Головкин ESPN-нің орта салмақтағы ең мықты боксшы атағынан айырылды

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өткен демалыста қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин айқасқан жек-жектің қорытындысына байланысты «орта салмақтағы ең мықты 10 боксшының» тізімі өзгерді.

GGG «Канелодан» жеңілгеннен кейін «ең мықты боксшы» атағынан айырылып, екінші орынға түсіп қалды. Ал, оның қарсыласы болған Сауль Альварес өз кезегінде бірінші орынға шығып, рейтингте көш бастап тұр. Үшінші орында бұрынғыша Дэниэл Джейкобс қала бермек.

Қалған боксшылар келесідей жайғасты.

4. Билл Джо Сондерс
5. Джермалл Чарло
6. Сергей Деревянченко
7. Давид Лемье
8. Риота Мурата
9. Мартин Мюррей
10. Деметриус Эндрэйд

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау