Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Джейкобс туралы: Ол сүйікті боксшым, мен оны жермен жексен ете алмаймын

Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин төрешілер шешімімен Даниэль Джейкобстан басым түсуіне қатысты пікір білдірді.

ген

«Бұл бокс. Маған төрешілер шешімі болатын 12-раундтық жекпе-жек қажет болды. Бұл менің алғашқы тексеріп көруім. Маған жақсы, сапалы айқастар қажет. Егер Дэнни қайта айқасуды ұсынса, әрине мен оған тағы да мүмкіндік беремін», – деді Геннадий жекпе-жектен соң.

“Бұл өте таза, әрі керемет ойын болды. Дэниэл- менің сүйікті боксшым, мен оның беделін жермен жексен ете алмаймын. Ол жоғары санаттағы боксшы. Бұл спорт, бұл бокс, мен қанішер емеспін. Мен оның әрі өзімнің командамды сыйлаймын”,-деді Геннади Головкин.

Аса тартысты жекпе-жектен кейін екі боксшы бір-бірін қайта-қайта құшақтап, ерекше ілтипат көрсетті. Дэниэль Джейкобс Головкинді аса құрметтейтінін айтып, ағынан жарылды.

Генаның жанкүйерлері де әлеуметтік желілерде Дэннидің лайықты қарсылас болғанын жазып, шиеленіске толы айқас үшін алғыстарын жаудырды.

Оқи отырыңыздар:

Геннади Головкин Дэниэл Джейкобсты жеңді (фото, видео)

Головкин мен Джейкобстың соққылар статистикасы

Пакет теріп, науқас аналарын асырап отырған бес бала көмекке зәру (фото)

Мақпал Жүнісоваға Болат Назарбаев көлік сыйлады

51 шөбере сүйген әженің келіні Наурыз көжені 4 түрлі тағамнан әзірлеуді ұсынды (фото)

 

Талқылау