Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин чемпиондық белбеулерін қайтара ала ма?

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қақтығыс трилогияға айналуы мүмкін. Қазақстандық боксшының жаттықтырушысы Абель Санчес боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жектің келесі жылы 5 мамырда өтуі мүмкін екенін айтты. Үшінші айқас туралы мексикалық спортшының промоутері Оскар Де Ла Хойя да пікір білдірді. Дегенмен, әзірге тараптар арасында келісім жоқ.

Головкин

Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алайда, боксшылар рингте қайтадан кездесуге қарсы емес. Бірақ, Головкин «дұрыс жағдайда» үшінші айқасқа шығуға дайын екенін айтты. GGG кәсіби мансабында алғаш жеңіліс тапты. Отандасымыздың осы жылдар бойы иеленген барлық чемпиондық белбеулері – WBC, WBA (Super) және IBO оның қарсыласына өтті.

Дегенмен, Головкин бір түнде қомақты ақша таба алды. Түрлі бағалаулар бойынша оның табысы 30 миллион доллар болды. Ал «Канелоның» табысы Головкиндікінен шамамен 10 миллионға көп. GGG бұл айқаста жеңіліс тапса да, өз елі үшін жалғыз чемпион болып қала бермек. Бүгінде Қазақстанда Головкинді қолдау шаралары басталып кетті. Головкин тек отандарыстары үшін ғана емес, сондай-ақ, әлемдік жанкүйерлері үшін де мықты боксшы. Майк Тайсон және Мұхаммед Әли сияқты даңқты спортшылардың өзі кәсіби мансабында жеңіліс тапқан болатын. Көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар «Канело» мен GGG арасындағы үшінші шайқасты көргісі келеді, бірақ сарапшылар бұл кездесудің болатына күмәндануда.

«Осы үш белбеуге міндетті үміткер болған Лемьеден қорғануымыз керек. Ол WBO белбеуін иемденген Сондерспен күресу үшін бәрін жасайтын болады. Ал, осыдан кейін Альварес орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы болады. Менің ойымша, бұл қазір «Канелоның» басты мотивациясы. Ол Головкинмен қайта кездесуге қарағанда, чемпиондық атақты көп ойлайды»,-дейді спорттық комментатор Тимур Байкетаев.

Айта кетейік, бұған дейін желіде «Канелоның» дәріге ұқсас затты қолданғаны түсірілген видеоның қызу талқыға түскені жайлы хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, бұған дейін “Канелоның” промоутері Головкинге үшінші жекпе-жек өткізу үшін шарт қойған еді.

 

Талқылау