Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин бұрынғыдай емес: Қазақстандық боксшының мансабының аяқталатынын болжады

«SunSports» британдық порталының журналисі Колин Харт қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мансабына қатысты пікірімен бөлісіп, оны американдық Флойд Мейвезермен салыстырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Головкин бұрынғыдай емес: Қазақстандық боксшының мансабының аяқталатынын болжады

«GGG-да сондай жарылғыш күш болды. Соның арқасында ол 23 айқасты арты-артынан өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, ол орта салмақта тағы бір рекорд орнатты»,- дейді Колин Харт.

Оның айтуынша, Флойд Мэйвезер кіші үш жыл бұрын бокспен қоштасқан кезде, барлығы Головкиннің әлемдегі ең үздік жауынгер ретінде Мэйвезердің ізімен жүретініне сенімді болған.

«Алайда, 36 жаста және 24 әлемдік деңгейдегі шайқастардан кейін, ол өзінің мансабының аяқталуына жетіп, P4P тізімінде төмендей бастады»,- деп жазды журналист.

Сондай-ақ, ол Головкиннің мансабының аяқталуы мүмкін екенін қандай негізге сүйеніп болжағанын да түсіндіріп кетті.

«Ал оның соңғы төрт жекпе-жегінің үшеуі қашықтықта өтті. Бұл – ол бұрынғыдай қатты соққы жасамайды дегенді білдірмейді. Бірақ оның рефлекстері баяулады және оның реакциясы бұрынғыдай емес», – деді Колин Харт.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау