Головкин: Бруктың менен сескенбегеніне риза болдым
Қазақстандық боксер Геннадий Головкин британдық Келл Брукты жеңгеннен кейін сұхбат берді.
Фото: instagram.com/gggboxing/
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Лондонға, жұртшылыққа, барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Келл ірі және жақсы боксшы, оның шеберлігіне және менен сескенбегендігіне риза болдым. Бұл өзіндік спарринг болды, маған қолайсыздық тудыра алмады.
Сондай-ақ Бруктың бапкерінің шешімін де түсінемін, өйткені ол айқастың соңы таяп келе жатқандығын көре білді. Енді мен барлық боксшылар, мысалы кіші Юбенк үшін ашықпын, бірақ алдымен Билли Джо Сондерспен кездескім келеді», – деді Головкин.
Головкин бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин-Брук жекпе-жегінің бейнежазбасы (видео)
Геннадий Головкин шаршы алаңға көтерілді
Талқылау